$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Қазақстан тұмауға қарсы 900 млн теңгеге жуық 1,2 миллион доза вакцина сатып алды

AstanaTV
03.10.2014ж. 20:00
1118
Қазақстан тұмауға қарсы 900 млн теңгеге жуық 1,2 миллион доза вакцина сатып алды

Қазақстан тұмауға қарсы 900 млн теңгеге жуық 1,2 миллион доза вакцина сатып алды. Бұл туралы Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша, алдағы маусымда тұмау әдетінше дамиды. Ал жаппай иммундау осыдан екі күн бұрын басталды. Бір вакциананың құны ақылы кабинеттерде әр өңірде әр түрлі. 2200 теңгеден 3000 теңгеге дейінгі аралықта. Вакцина бір мәрте егіледі және оның қорғаныс әсері инъекциядан кейін екі аптадан соң басталады. Бір доза ағзаны жарты жылдан бір жыл мерзімге дейін қорғай алады.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жыл сайын 600-ден 1 миллионға дейін адам тұмауратады, яғни халықтың 10 пайызына жуығы ауырады екен. Бас санитар дәрігер тұмауға салғырт қарамай, ем-домды дер кезінде қабылдау керектігін ескертті.

Жандарбек Бекшин, Қазақстанның мемлекеттік Бас санитарлық дәрігері:

1 қазаннан бастап елімізде халықты тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Үкімет  2014-2015 жылғы эпидемиологиялық маусым үшін 874 миллионнан астам теңге бөлді. Сол қаржыға 1,2 млн тұмауға қарсы вакцина сатып алынды. Мемлекеттік бюджеттен сатып алынған вакцина ең алдымен мұқтаж адамдарға, яғни өкпе, жүрек-қан тамыр аурулары бар, әлсіз, жиі ауыратын балалар мен медицина қызметкерлеріне және жүкті әйелдерге егіледі.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ