$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Тараздағы кәмелетке жасы толмағандарды бейімдеу орталығына жас шамасы үштегі балақай жеткізілді

AstanaTV
03.10.2014ж. 20:00
1319
Тараздағы кәмелетке жасы толмағандарды бейімдеу орталығына жас шамасы үштегі балақай жеткізілді

Бүгін Тараздағы кәмелетке жасы толмағандарды бейімдеу орталығына жас шамасы үштегі балақай жеткізілді. Орталықтағылардың айтуынша, бүлдіршінді Шу аудандық тәртіп сақшылары әкелген. Балақай жолаушылар автобусынан түсіп қалыпты. Оқиға кеше түнгі сағат төрт шамасында Шу ауданының тас жолында болған. Шымкенттен Астанаға бет алған автобус жанар май құю бекетіне тоқтағанда, жолаушы әйел баласын тастап түсіп кетіпті. Көлік жүргізушілері мен жолаушылар баланың анасын үш сағаттан аса уақыт іздегенмен, нәтиже жоқ.

Амалы таусылған жолаушылар баланы Шу ауданының тәртіп сақшыларына тапсырыпты. Тіпті балғынның қай ұлттың баласы екені де белгісіз. Тілі шықпаған, тек «мама», кей кезде «апачи» деп айтады. Бейімдеу орталығындағылар өзбек баласы болуы да мүмкін дейді. Орталықтағы психологтар баланың басқа балаларға қосылмайтынын, жүйкесі жұқарған, тіпті қасық ұстай алмайтынын байқаған.

Жансая Әлімқызы, Тараз қаласы кәмелетке жасы толмағандарды бейімдеу орталығының психологі:

Дәрігерлердің бірінші тексеруінде баланың денесінде ұрылған жәбір көрген немесе психикалық ақаулықтар байқамады. Инфекциясы жоқ. Балалармен қарым қатынасқа түсуі аздап агрессивті. Соған қарағанда, бала мен ешқандай қарым-қатынас жүргізбеген.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ