$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Елбасы, Құрбан айт қазақстандықтар өміріндегі маңызды оқиғаға айналғанын айтты

AstanaTV
06.10.2014ж. 10:00
1738
Елбасы, Құрбан айт қазақстандықтар өміріндегі маңызды оқиғаға айналғанын айтты

Ал бүгін Қазақстанда ұлық мерекенің үшінші күні. «Құрбан айт қазақстандықтардың рухани өміріндегі маңызды оқиғаға айналды». Ел азаматтарын мерекемен құттықтаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Қазақстан Президенті айттың бірінші күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, Құрбан айт намазын оқыды. Содан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, барша Қазақстан мұсылмандарын мейраммен құттықтады. Азаматтардың шалған құрбандығы қабыл болсын, деген Мемлекет басшысы, мейірімділік пен қайырымдылық жолында болуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Пайғамбарымыздың жолыменен жасайтын бұл құдды-құдіретті күн баршамызға Алладан денсаулық тілеп, жақсылық тілеп, бақ-береке тілеп жатқан халқымыз бар. Сол тілектердің барлығы орындалсын. Шалған құрбандарың Алла қабыл алсын деп айтамыз. Ниеттерің қабыл алсын.

Илхам ИБРАГИМ