$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Жапонияда тайфун салдарынан 600-ден астам әуе рейс тоқтатылды

AstanaTV
06.10.2014ж. 10:00
1155
Жапонияда тайфун салдарынан 600-ден астам әуе рейс тоқтатылды

Жапонияға тайфун жақындап келеді. Бүгін таңертең елдің қауіпсіздік қызметі 400 мыңға жуық адамға «Фанфон» дауылына байланысты тездетіп көшуге кеңес берді.

Қазірдің өзінде 600-ден астам әуе рейс тоқтатылған. 7 мемлекетте осы дауылға байланысты дауылды ескерту жарияланып, төтенше жағдайдың алдын алуға әзірленіп жатыр.

Хонсю аралының жағалауында басталған дауыл солтүстікке қарай жылжып барады. Желдің жылдамдығы секундына 40 метрге дейін жетеді. Жағалаудағы толқындардың биіктігі 11 метрден асады. Окинава аралында ірі толқындар үш америкалық әскери қызметкерді теңізге алып кетті. Бірінің мәйіті табылды, өзгелері іздестірілуде. Темір жолдарда қозғалыс тоқтатылуда. Қазірдің өзінде Токио мен Нагоя қалаларының арасында темір жол қозғалысы тоқтаған. Токио маңында жауын шашын да күшейді. Су басып, сең жүруі мүмкін екені хабарлануда.

Илхам ИБРАГИМ