$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Калифорнияда аптап ыстық

AstanaTV
06.10.2014ж. 10:00
1281
Калифорнияда аптап ыстық

Калифорнияда бұрын-соңды болмаған аптап ыстық. Ұлттық метеорология қызметінің мәліметінше, мұндағы сынап бағанасы 40 градустан асып отыр.

Аптаптың беті міне бірнеше күн болды, қайтар емес. Синоптиктер, ми қайнатар қапырық әлі бір аптаға созылады, дейді. Әбігерге түскен Санта-Моника қаласының тұрғындары жағажай жағалауынан шықпай жатыр. Су бұрқақ жағалағандарда сан жоқ. Жергілікті билік болса, күн астында ұзақ уақыт өткізбеуге кеңес береді. Құрғақшылық салдарынан мұнда орман өрті жиіледі.

Ләйла ҚАЗИЯҚПАРОВА