$486.65 €524.46 ₽5.05
×

«Талибан» террористері «Ислам мемлекетімен» бірлесуді көздеп отыр

AstanaTV
06.10.2014ж. 13:00
1411
«Талибан» террористері «Ислам мемлекетімен» бірлесуді көздеп отыр

«Талибан» террористері «Ислам мемлекетімен» бірлесуді көздеп отыр. Бұл туралы «Рейтерс» агенттігі хабарлады.

Алайда екі топтың бірлескен келісімі әзірге жоқ. Жуырда «Ислам мемлекеті» әскерилері Пәкістанның Пешавар және Кашмир қалаларында террористік топты мадақтайтын үндеухаттар таратып жүргені байқалған. Жалпы, лаңкестік қос топтың да мақсаты - ислам халифатын құру болып табылады.

Еске салайық, «Ислам мемлекеті» қазір АҚШ бастаған бірқатар елдермен соғысуда. Сириядағы «Ислам мемлекеті» тобына қарсы іс-қимылдарды коалицияға мүше елдер Біріккен Ұлттар Ұйымының шектеулеріне қарамастан 23 қыркүйекте бастаған.

Жұрағат БАМАН