$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Ұлттық экономика министрі 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды

AstanaTV
07.10.2014ж. 10:00
1267
Ұлттық экономика министрі 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәжілісте елдің 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды. Министр мемлекеттің экономикалық жағдайы, импорт-экспорт, инфляция мен ЖІӨ көрсеткіші жайын қысқа ғана қайырды.

Айтуынша, 2014 жылы әлем экономикасының 3,4 пайыздық өсіміне қарамастан, елімізге сыртқы жағдай кері әсер еткен көрінеді. Мәселен, экспорт 3,6 пайызға кеміген. Тиісінше, болашақ бюджет те ықшамдалуы ықтимал. Құжатты әбден сараптаған халық қалаулылары бірқатар үкіметтік ведомстволардың мемлекет қаражатын жоспарлауын сынға алды.

Гүлжан Қарағұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Тамара Қасымовна, мне очень хочется к Вам обратиться. В последние годы значительная часть денег тратилась на покупку дорогостоящего оборудования. Вот на нем некому работать. Я могу привести свой пример, у меня внук заболел, у него что-то там не осваивается. Очень дорогая экспертиза, мне сделали имунно чего-то там, далее я вот вижу, что там вот это у него не усваивается, кто-то может прочесть? У нас в стране никто не смог прочесть. В сельской местности она вообще стоит, его даже не распаковывают. Зачем мы тратим такие деньги?

Ескертулерін тізіп шыққан депутат министр Дүйсеноваға арнайы хат әзірлеп қойғанын, оны отырыстан кейін ұсынуға уәде берді. Сондай-ақ, министрліктер қызметіне қатысты депутат Айткүл Самақованың бірнеше сауалы бар екен. Мәжілісменнің Бурабай көлін тазартуға бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі мен байқауды ұтып алған компанияның кәсібилігі жөніндегі сұрағына Энергетика вице-министрі жазбаша жауап беремін деп құтылды.

Талғат Ахсамбиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

ТО «Аймак и К», большой опыт работы у них, они выиграли конкурс, ведут эти работы.

- А что они чистили уже? Опыт какой работы?

Талғат Ахсамбиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Разрешите мы письменно на это ответим.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ