$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Маңғыстау облысында қауіпті жүкті тасымалдаған көлікті шығарған зауытқа қатысты талап арыз жіберілді

AstanaTV
07.10.2014ж. 10:00
1498
Маңғыстау облысында қауіпті жүкті тасымалдаған көлікті шығарған зауытқа қатысты талап арыз жіберілді

Маңғыстау облысында радиоактивті цезийі бар контейнердің жоғалуына орай, қауіпті жүкті тасымалдаған көлікті шығарған зауытқа қатысты талап арыз жіберілді. Бұл туралы Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин хабарлады.

Еске салайық, тамыздың аяғында цезий-137 салынған контейнер Оралдан Ақтауға тасымалдау кезінде Сай-Өтес пен Шетпе аралығындағы жолда жоғалған болатын. Бүгінгі күні аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қыркүйектің алтысында Қызылорда қаласының тұрғыны белгісіз біреудің «КамАЗ» жүк көлігімен Маңғыстау облысында жоғалған цезийді алып бара жатқандығын хабарлап, полицейлердің жедел іздеу жұмыстарының нәтижесінде - Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Бәйгеқұм ауылында «КамАЗ» жүк көлігі жүргізушісімен және жолаушысымен ұсталды. Жоғалған капсула расымен осы көліктен шықты.

Тимур Жантикин, Атом және энергетикалық бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:

Жүк көлігінің тіреуіштері шығып кетуінің салдарынан аталған контейнер түсіп қалған. Сол себепті, көлікті шағарушы зауытқа тиісті шағым жіберілді. Өздеріңіз білесіздер, контейнер табылды. Мұндай оқиғалар басқа елдерде де бұдан бұрын болған. Бірақ, өзге мемлекеттерде жүктің қайта табылуы екіталай.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ