$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Әблязов қамаудан босатылмайтын болды

AstanaTV
07.10.2014ж. 10:00
956
Әблязов қамаудан босатылмайтын болды

Мұхтар Әблязов қамаудан босатылмайтын болды. Францияның Лион қалалық апелляциялық соты БТА-банкі бұрынғы басшысының қорғаушылары жазған өтінішті қанағаттандырмады. Онда адвокаттар экс-банкирді уақытша қамауда ұстау тым ұзаққа созылғанын айтып, босатуды сұраған. Бұл өтініштің неліктен орындалмайтынын судья Люк Фонтеннің өзі түсіндіріп берді.

Оның сөзінше, қорғаушылар Әбләзовты босатқан жағдайда қаладан қашып кетпейтініне, экстрадиция туралы шешім шықса оның орындайтынына қажетті кепілдіктер бере алмаған.

Еске саламыз, Әблязовты экстрадициялауды Қазақстаннан бөлек Ресей мен Украина да сұрап отыр. Қазақстан экс-банкирді жалпы сомасы 6 миллиард доллардан асатын қаржыны жымқырды деп айыптауда.

Еске саламыз, Әблязов былтыр Францияда ұсталды. Содан бастап қамауда. Осыған дейін француз әділет органы бизнесменнің бостандыққа шығу туралы бірнеше өтінішін кері қайтарды.

Илхам ИБРАГИМ