$486.65 €524.46 ₽5.05
×

WhatsApp мессенджері 22 миллиард долларға сатылды

AstanaTV
07.10.2014ж. 13:00
1110
WhatsApp мессенджері 22 миллиард долларға сатылды

WhatsApp мессенджері 22 миллиард долларға сатылды. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, оны Facebook әлеуметтік желісі сатып алған.

Бұл сома бастапқы бағадан 3 миллиардқа артық. Әуелде WhatsApp 19 миллиард долларға сатылады, деп хабарланған еді. Келісім-шарт 6 қазанда жасалды. WhatsApp-тың қолданыстағы барлық акциялары мен опциондары жабылды. Facebook бұл мәміле үшін өз акцияларымен қатар 5 миллиард долларға жуық қаржы төледі.

Айта өтейік, WhatsApp - әлемдегі ең ірі әрі танымал мобильді мессенджер болып саналады. Оның көмегімен ұялы телефон қолданушылары бір-бірімен хабарлама, сурет, бейнежазбалар сондай-ақ, дыбыс файлдарымен жылдам алмаса алады. Қазіргі кезде әлем бойынша оны 500 миллиондай адам қолданады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА