$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«100 қадам» Ұлт жоспарын сәттi жүзеге асыру үшiн, депутаттардың бастамасын қолдау қажет - Ж.Құсманғалиева

AstanaTV
13.01.2016ж. 20:00
1661
«100 қадам» Ұлт жоспарын сәттi жүзеге асыру үшiн, депутаттардың бастамасын қолдау қажет - Ж.Құсманғалиева

5 институционалдық реформаны сәттi жүзеге асыру үшiн, депутаттардың Мәжіліс сайлауын мерзiмiнен бұрын өткiзу  бастамасын қолдау керек. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Еуразиялық ықпалдастық институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева мәлiмдедi.

Сарапшының пiкiрiнше, әлемдік экономикадағы дағдарыс алдағы уақытта қиындай түспек. Ал «100 нақты қадам» Ұлт жоспары - осы қиындықтарға жауап беретiн бағдарлама. «Оны сәттi iске асыру үшiн атқарушы, заң шығарушы органдар мен сот жүйесі және жергiлiктi жерлердегi билiктiң үйлесiмдi жұмысы қажет», - дейді Жанаргүл Құсманғалиева. 

Жанаргүл Құсманғалиева, Еуразиялық ықпалдастық институтының директоры:

Дағдарыс кезеңінде электораттық циклге уақыт жұмсамау дұрыс болар едi. Сондықтан депутаттардың Мәжiлiс пен мәслихат депутаттары сайлауының электораттық циклын бiрiктiру жөнiндегi ұсынысы өте дұрыс деп санаймын. Соңғы сөздi Мемлекет басшысы айтатыны баршамызға мәлiм. Конституциялық кеңес мәселенi қарастырып, депутаттардың ұсынысына қатысты шешiм шығарады. Бiздiң пiкiрiмiзше, 5 институционалдық реформаны сәттi жүзеге асыру үшiн, бұл бастаманы қолдау қажет.

Берік ХАСЕНОВ