Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізу бастамасын оңтүстіктің депутаттары да қолдайды

AstanaTV
13.01.2016ж. 20:00
3612
Кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізу бастамасын оңтүстіктің депутаттары да қолдайды

«Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу бастамасы дер кезінде көтерілді». Оңтүстікқазақстандық мәслихат депутаттарының да пікірі осы. Олар бесінші шақырылымдағы Мәжіліс құрамының жұмысын жоғары бағалайды. Дегенмен халықтың сенімін арқалап жүрген жергілікті мәслихат депутаттарының қатары да жаңашыл, іскер адамдармен толығуы керек. Бүгінгідей дағдарыс кезінде бұл мәселе өте маңызды деген ойларын да айта кетті.

Оңалбай Аяшев, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты: 

Ол дұрыс, ойланған мәселе деймін. Не дегенмен, бүгінгі күрделі жағдайда Елбасының ұсынып отырған бес реформасының 100 нақты қадамды жүзеге асыру үшін, Парламентке  жаңашыл, жаңа адамдар келуі керек. Не дегенмен, бүгінгі әлемдегі текетірестік дағдарыс заманы Парламентке жаңа бір деңгейде шығып іскерлік көрсетуді талап етеді. 

Құдайберген Ержан, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы:

Менің ойымша, осы алдымызда келе жатқан үлкен еліміздің алдындағы міндеті «ЭКСПО-2017-ні» елімізде жақсы үлкен дәрежеде өткізу деген барлығымыздың ұлттық мақсат болып тұр қазір. Осы мақсаттың барлығын жүзеге асырудағы осы шешімнің оң әсері болады деген ойдамын. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ