Ғаламторға
қосылған ұялы телефон арқылы электронды үкіметтің қызметін пайдаланатын күн
алыс емес. Әне-міне дегенше, қазақстандықтар мобильді үкімет
арқылы 50 шақты қызмет түріне қол жеткізбек. Бұл
туралы Астанада өтіп жатқан «Global e-government» жаһандық форумында белгілі болды. Әлемнің 70-тен
астам елінен жиналған 300-ге жуық делегат қызмет түрлерін электронды форматқа
көшіріп, жетілдіру бағытында тәжірибе алмасты. Саланы алға бастыру мақсатында 5
жыл ішінде 43 млрд теңге бөлінген.
Айшылық
алыс жерлерден жылдам хабар алу мүмкіндігі қарыштап дамуда. Үкімет басшысының
айтуынша,
әлі де дами бермек. Электронды үкімет қазақстандықтарға
570-тен астам қызмет түрін көрсетіп отыр. Біріккен Ұлттар
Ұйымының
электронды үкіметті дамыту рейтінгісінде Қазақстан 193
елдің ішінде 28-орында. Бұл жаман көрсеткіш емес көрінеді.
Кәрім
Мәсімов,
ҚР Премьер-министрі:
Соңғы
он жылдықта Қазақстан коммуникациялық инфрақұрылымға салмақты инвестиция
жасады. Үкімет пен бизнес арасында электронды сатып алу, лицензиялау, салық
салу жүйесінде электронды делдал қызметін қолданып отырмыз. Көптеген
мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттырдық. Үкімет отандық инфрақұрылымды дамыта түсу үшін
«cloud computing, big data development, machine communications» сынды жаңа
технологияларды да бақылауда ұстап отыр.
Қазақстандықтар
жылына 40 миллионға жуық анықтаманы электронды үкімет арқылы алады.
Компьютерді меңгергендер қатары 12 млн адамға жеткен. Бұл халықтың 70 пайызы.
Болашақта смарт үкімет, яғни ақылды е-үкімет жүйесі дамып,
қызмет түрлері арта түседі.
Жеке
кабинет жүйесі іске қосылады. Жеке куәлігіңіздің жарамдылық мерзімі аяқталуға
жақын қалғаны жөнінде немесе төленбеген айыппұлдарыңыз туралы, балабақшаға
тұрған кезегіңіздің қаншалықты жылжығаны жайлы ақпараттардан хабардар болып
отырасыз.
Айгүл
Әдепбай:
Бұл
қондырғы виртуалды шлем деп аталады. Астана innovations-нің соңғы жетістігінің
бірі. Бұны киіп қала көшелерінде виртуалды саяхат жасауға болады. Көрейік.
Қондырғы - тұрғын үй салғысы келетіндерге де таптырмас дүние. Алдымен үйіңіздің электронды
сызбасын жасайсыз. Одан соң виртуалды түрде ішіне кіріп әр қабырғасы мен
кірпішіндегі ақауды көре аласыз. Сөйтіп құрылысты жеңілдетесіз.
Аа-ай, Хан шатырға соғылып
қалдым. Хан
шатырды бұзып тастадым.
Электронды
үкіметті дамытуда Біріккен Ұлттар Ұйымымен әріптестік орнаттық. Қазақ Үкіметі
мен аталмыш ұйым арасында техникалық ынтымақтастықтың нысаналы қоры туралы
келісім ратификацияланып, қазынадан тиісті қаржы да бөлінді.
Асқар
Жұмағалиев,
ҚР Инвестиция және даму министрінің орынбасары:
500
мың доллар қаржы бөлінді. Аталмыш қаржыға осы форумды өткізіп жатырмыз.
Қаражатты аз деуге болмайды. Бірақ оған оқыту семинарларын өткіземіз.
Қағазбастылықтан
арылу. Осы мақсатта билік электронды үкіметті жетілдіруде. Халықаралық
тәжірибеге көз салып жатырмыз. БҰҰ мен шетелден келген электронды байланыс
саласының үздік мамандар үйретеміз, көрсетеміз деп білек сыбанған. Алайда
осыдан бірнеше күн бұрын Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ қағазға
тәуелділікпен күресіп-ақ келеді. Алайда оларда барлығы айтарлықтай сәтті емес
деген болатын. Және әлем-жәлем форум
өткізе бермей, қаржыны үнемдеуге шақырды.
Қасым-Жомарт
Тоқаев,
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Біріккен
Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық орнату керек,
әрине. Олар қарқынды дамып келе жатқан елдерде түрлі форумдар өткізуге мүдделі.
Өздерінің есеп беру жүйесі үшін қажет. Мен ұйымның ішінде қызмет атқардым,
сондықтан онда рейтингтердің қалай жасалатынын жақсы білемін. Ұйымда қағазды
үнемдеу үшін тиісті шаралар атқарылып келеді. Бірақ барлығы сәтті өтіп жатқан жоқ. Бізде
халықаралық форумдар өте көп өтеді. Осы форумға 500 мың доллар бөліп отырмыз.
Көп емес сияқты. Бірақ әр форумға осынша ақша бөле берсек, біраз қаржы
шығындалады.
Бұл
оймен сарапшылар да келіседі. Саны бар, сапасы жоқ
халықаралық форумдардың қарапайым халыққа берері аз дейді.
Жәнібек
Хасанов, сарапшы:
Түрлі
мерекелік шараларға жыл сайын көп қаржы жұмсалады. Елдің имиджін арттыратын
шараларды айтар болсақ, шамамен 15 млрд теңге бөлінеді. Бұл 83 млн доллар. Жалпы
100-150 млн доллар жыл сайын ел абыройын арттыратын шараларға кетіп жатыр.
Электронды
үкіметті дамыту оңай шаруа емес. Тіпті жаһандық форумның қатысушыларына тік
тұрып қызмет көрсеткен модельдер де сыр беріп, қызметтің салмағын көтере алмай
қалды.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ