$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Қазақстанда төртінші мұнай өндеу зауытын салудан гөрі Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын кеңейту көзделуде

AstanaTV
08.10.2014ж. 10:00
1104
Қазақстанда төртінші мұнай өндеу зауытын салудан гөрі Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын кеңейту көзделуде

Президент Нұрсұлтан Назарбаев елде төртінші мұнай өңдеу зауытын салудан гөрі, Шымкенттегі зауытты кеңейту туралы шешімді мақұлдады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір елдегі үш бірдей МӨЗ-тары ішкі сұраныстың тек 70 пайызын ғана қанағаттандыруға қауқарлы. Сондықтан, елде тағы бір зауыт салу мәселесі көтерілген болатын. Бірақ, қолда бар зауытты кеңейту тиімді болады, дейді мамандар. Өйткені, жаңа зауыт салынса, ол жылына 10 млн тонна мұнайды қайта өңдеуі тиіс. Бірақ, Қазақстан жанар-жағармайды экспорттай алмайды. Өйткені, Ресей, Қытай мен Әзірбайжан өз-өзін сұйық отынмен қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан, 12 млн тонна мұнай өңдеуге болатын Шымкент зауытын кеңейткен дұрыс деген қорытынды жасалған. Ұзақбай Қарабалин елде 2016 жылдан соң бензин тапшылығы болмайды, деп сендірді.

Илхам ИБРАГИМ