$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Қазақстанға 92 мың тонна бензин жеткізілмек

AstanaTV
08.10.2014ж. 10:00
909
Қазақстанға 92 мың тонна бензин жеткізілмек

Қазан айында Қазақстанға жоғары октанды бензиннің 92 мың тоннасы жеткізілмек. Бұл отын негізінен Ресей, Қытай, Әзірбайжан мен Беларусь Республикасынан импортталады. Тек Ресейдің өзінен 69 мың тоннаны бензин жеткізу көзделуде. Қазір аталған елдермен келіссөздер жүргізілген. Олар қарсылық танытқан жоқ. Бұл туралы Энергетика министрі мәлімдеді.

Сонымен қатар, Владимир Школьник Қазақстандағы жанар-жағармай нарығы қалыпты жағдайға түскенін айтады. Ол, қысқа қарай көлік қозғалысы шамалы шектеледі, жағдай тұрақталады деп сенеді.

Илхам ИБРАГИМ