$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Қазақстан аймақтарында екпінді жел болады

AstanaTV
08.10.2014ж. 10:00
1107
Қазақстан аймақтарында екпінді жел болады

Балаларды батутқа жіберерде абай болған жөн. Айтпақшы, бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді. Қазақстан аумағында атмосфералық фронталды ағындардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде жауын-шашын, екпінді жел, тұман түседі, деп күтілуде.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында түнде және Қостанай облысында желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді. Дәл осындай жағдай Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында да болады деп болжануда.

Илхам ИБРАГИМ