Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Өмірияевтің ісін қосымша тергеуге жіберу туралы өтінішті сот қабылдамады

AstanaTV
08.10.2014ж. 13:00
945
Өмірияевтің ісін қосымша тергеуге жіберу туралы өтінішті сот қабылдамады

Ауыл шаруашылығы экс-вице-министрі Мүслім Өмірияевтің ісін қосымша тергеуге жіберу туралы өтінішті сот төрағасы қабылдамады.

Өткен сот отырысында Өмірияевтің адвокаттары Ербол Рахымбековтен істі қайта тергеуге жіберуді сұраған. Мұнан бөлек, қылмыстық іске қатысты куәгер ретінде жауап беріп жатқан Станислав Макаренко мен Евгений Антимоновтың ісін қайта қарауды өтінген. Алайда судья аталған азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз жоқ, деп шешті.

Суд постановил: ходатайство адвоката Русина, заявленное в интересах подсудимого Умирьяева, о возвращении уголовного дела для дополнительного расследования отклонить.

Сот төрағасы бүгінгі отырыста тараптарды жарыссөзге шақырған, алайда мемлекеттік айыптаушы да, қорғаушылар да судьядан дайындалуға уақыт сұрады. Ал бұрынғы вице-министр Өмірияевтің өзі мәселеге байланысты «қандай да бір пікір айтуға» асықпайды. Келесі сот отырысы 9-шы қазанға белгіленді.

Бүгінгі сотқа байланысты қосымша не айтасыз?
- Интервью бермеймін. Жоқ, айтпаймын...

Азамат АЛДОҢҒАРОВ