$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Жанармай сапасы тексеріле бастады

AstanaTV
08.10.2014ж. 13:00
1226
Жанармай сапасы тексеріле бастады

«Sinooil» жанармай құю стансаларында АИ-92 маркалы бензиннің сапа стандарттарына сәйкестігі тексеріліп жатыр. Жоспардан тыс мемлекеттік тексерісті Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті жүргізуде. Бұл туралы Техникалық реттеу департаментінің өкілі мәлімдеді.

Оның айтуынша, тексеріске осы жанармай бекетінде сатылатын АИ-92 маркалы бензиннің сапасына қатысты тұтынушыдан түскен өтініш негіз болған. Әзірге, нәтиже белгісіз. Егер жанармай сапа стандарттарына сәйкес болмай шықса, бензин құю стансасы иелеріне әкімшілік айыппұл салынады.

Астана қаласы Статистика департаментінің мәліметіне сай, жыл басында қалада 134 жанармай құю бекеті мен газ құю станциясы болған. Оның 124-і - стационарлық, 3-і - контейнерлік және 7-і - жылжымалы станция.

Айта кетейік, елордаға сұйық отын негізінен қазақстандық зауыттардан әкелінеді. Ал Ресей мұнай өңдеу зауыттарынан бензин сатып алатын жекеменшік жанармай құю станцияларының үлесі едәуір аз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ