Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Өскемен тұрғыны 3 мың жылдық жәдігер тауып, оны мұражайға өткізген

AstanaTV
08.10.2014ж. 13:00
2380
Өскемен тұрғыны 3 мың жылдық жәдігер тауып, оны мұражайға өткізген

Шығыс Қазақстан облысы аумағынан құнды тарихи жәдігер табылды. Іші түрлі сайманға толы қазанға Көк Жыра ауылының тұрғыны тап болған. Бағалы жәдігерді ол бірден облыстық тарихи-өлкетану мұражайына апарып тапсыруды жөн көреді.

Қола дәуірінде құйылған көне қазанды мұражай қызметкерлері баға жетпес мұра деп есептейді. Болжам бойынша оны кейін қайта соғу үшін тығып қойған болуы мүмкін. Жалпы, Шығыс Қазақстан аумағында өмір сүрген ата-бабаларымыз қоладан жасалған ыдыс-аяқтарды саудаға салып, айырбас жасаған деген жорамал айтылады. Бүгінде бағалы жәдігерлер Украина, Хорватия мен Сібірдің, тіпті Еуропа мен Месопотамияның мұражайларында бар.

Галина Кущ, ШҚО тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері:

Біздің аумағымызда осындай тарихи жәдігер алғаш рет табылып отыр. Қола дәуірінде құйылған қазан мұражайымыздың басты жәдігеріне айналатын болды.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА