Қазақстан Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев пен Бельгия королі Филипп өзара ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін
талқылады.
Тараптар сонымен қатар, әріптестікті
одан әрі дамытатын бірқатар перспективалық бағыттарды да қозғап өтті. Екі ел арасындағы сауда айналымы былтыр 365 млн долларды
құраған. Ал осы жылдың алғашқы жарты жылдығында бұл көрсеткіш 200 млн долларға
жуықтады.
Айта кетейік, Елбасы екі күндік жұмыс
сапарымен Бельгия астанасы - Брюссельге барды. Нұрсұлтан Назарбаев осы жолы
Еуропалық комиссия басшыларымен де кездеседі, деп жоспарланған.
Айгүл ӘДЕПБАЙ