$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Оралда монополияға қарсы инспекция жанармай құю бекеттерін тексеруге кірісті

AstanaTV
08.10.2014ж. 20:00
1392
Оралда монополияға қарсы инспекция жанармай құю бекеттерін тексеруге кірісті

Оралда монополияға қарсы инспекция жанармай құю бекеттерін тексеруге кірісті. Құзырлы мекеменің қаладағы ірі жанармай стансаларын бақылауға алуына жүргізушілердің арыз-шағымы себеп болған. Көлік иелері «бекеттерде бензин бола тұра, жанармай шектеулі мөлшерде сатылып жатыр» деп наразылық білдірген.

Монополияға қарсы инспекция мамандары «мұндай әрекет заңға қайшы, егер кәсіпкерлер тарапынан заң бұзушылыққа жол берілгені анықталса, кінәлілер жазасыз қалмайды" деп отыр. Аталған инспекцияның бөлім басшысы Нұрлан Ислямовтың айтуынша, қазір «Гелиос» компаниясына қарасты жанармай құю бекеттері тексерілуде. Бензин мұнда кідіріссіз сатылып жатыр. Алайда жанармай тапшылығын қолдан жасау әрекеті әшкереленсе, тиісті акт жасалады. Кінәлі деп танылған май құю бекеті түскен пайдасының 5 пайызын айыппұл ретінде төлейді. 

Нұрлан Ислямов, БҚО бойынша монополияға қарсы инспекцияның бөлім басшысы:

20 литр, 15 литр немесе 30 литр, белгілі бір көлемде шектеу енгізіп сатқан жағдайда, бұл монополияға қарсы заңнамаға қайшы келеді. Егер де монополияға қарсы заңнаманың бұзылу фактісі анықталған жағдайда, ҚР Әкімшілік кодексіне байланысты тиісті тәртіптік жазаға тартылады, әкімшілік жазаға.

Еркін ҚАРИН