$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Қазақстандықтар алғашқы ақ ұлпамен қауышты

AstanaTV
08.10.2014ж. 20:00
1231
Қазақстандықтар алғашқы ақ ұлпамен қауышты

Қазақстандықтар алғашқы ақ ұлпамен қауышты. Бүгін Астанада қар жауды. Ауаның температурасы күрт төмендеп, елорда тұрғындары нағыз қыстың алғашқы лебін сезініп үлгерді.

Күн райының тосын мінезі алматылықтарды да абдыратып тастады. Мұнда да қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейе түсті. Бір айта кетерлігі, шаһарда соңғы бес жылда қазан айының басындағы ауа температурасы орта есеппен +15°градустан төмен болмаған.

Осы уақытқа дейін мамандар күздің бірінші бөлігі жылы болады деп болжаған еді. Алайда бүгін арктикалық суық ауа ағымының әсеріне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн райы  суыта бастады. Дегенмен ауа райын болжаушылар Алматыда ертең күн қайта жылынады деп отыр.