$486.65 €524.46 ₽5.05
×

«Ғаламшар біздің үйіміз» атты гранттық бағдарлама іске қосылды

AstanaTV
08.10.2014ж. 20:00
1287
«Ғаламшар біздің үйіміз» атты гранттық бағдарлама іске қосылды

«Ғаламшар біздің үйіміз». Елімізде осындай атаумен гранттық бағдарлама іске қосылды. Жоба су ресурстарын тиімді басқаруға бағытталған. БҰҰ Даму бағдарламасы  Энергетика және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы Станислав Ким: «Бағдарлама елді мекендерді сумен жабдықтау үшін жасалған жоқ. Бұл - Қазақстандағы  қоғамдық ұйымдар арасындағы гранттық байқау болмақ»,- деп атап өтті. Яғни бағдарлама сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру, құбыр тарту сияқты мәселелерді қамтиды.

Брифингте сөз алған Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасы Болат Бекнияз Қазақстан халқының тек 60 пайызының ғана сапалы ауыз сумен қамтылып отырғанын жеткізді. Айтуынша, елде тұтынылатын барлық су ресурстарының 3-4 пайызы - ауыз су ретінде, 70 пайызы - ауыл шаруашылығына, ал қалғаны өндіріске пайдаланылады.

Болат Бекнияз, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары:

Негізінен Қазақстанда ауыз су тапшылығы жоқ. Алайда оны халыққа жеткізуде қиындық жетіп артылады. Ал «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2020 жылы Қазақстан халқы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ