$523.54 €546.47 ₽4.99
×

Испанияда Эбола вирусын жұқтырды деген күдікпен бесінші адам ауруханаға жатқызылды

AstanaTV
08.10.2014ж. 20:00
966
Испанияда Эбола вирусын жұқтырды деген күдікпен бесінші адам ауруханаға жатқызылды

Испанияда Эбола безгегінің белгілері байқалды деген күдікпен ауруханаға жатқызылғандар қатарына тағы бір науқас қосылды. Әйел адамның бірден қызуы көтеріліп, қалтырай бастаған. Эбола жұқтыруы мүмкін деген күдікпен Мадрид ауруханасына жеткізілген 40 жастағы медбикенің құрбысы да көп ұзамай емдеу орнына жатқызылды. Одан бөлек тағы 3 адамның безгектің белгілерімен ауруханада жатқаны жайлы бұдан алды хабарланған еді. 

Осылайша, Африкадан басталған  вирусты жұқтырды деген күдікке ілінгендер қатары бесеуге жетті. Еуропада ең алғашқы болып Эбола жұқтырған медбике испан шіркеуінің қызметкерлерін емдеген ақ халаттылар тобында болған көрінеді. Нәтижесінде дін қызметшісінің екеуі де көз жұмды. Медбикенің күйеуі де ауруханадан бір-ақ шыққан.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ