$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Астанада машина жасаушылар форумы басталды

AstanaTV
09.10.2014ж. 13:00
1334
Астанада машина жасаушылар форумы басталды

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының форумы өз жұмысын бастады.

Машина жасау және құрастыру саласындағы өзекті мәселелер мен перспективаларын талқылаған жиынға отандық құрастырушы кәсіпорындар мен шет елдік машина жасаушы ірі компаниялардың басшылары қатысты.

Форумның алғашқы күні дөңгелек үстелдер 6 секция бойынша өтуде. Олар - жеңіл және жүк машиналар жасау, мұнай-газ, энерготехникалық және энергетикалық, ауыл шаруашылық, темір жол және тау-кен саласына арналған машина жасау мәселелері. Бүгін Қытай, Ресей, Украина сынды мемлекеттермен бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылады деп жоспарлануда. Форумға қатысушылар, жиын алдағы уақытта отандық машина жасау саласының қарқынды дамуына жол ашады, дейді.

Ерлан Ыдырысов, «Қазақстан Инжиниринг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Машина жасау саласындағы қазақстандық компаниялардың қазіргі күнде қандай жетістіктері бар, қандай мақсаттары бар, бір-бірімен ой бөлісу, басты мақсат сол. Алдағы жоспарланып отырған үкіметіміздің қойған мақсаттары қандай жолмен, қандай жобаларды, істерді атқару керек, сол мәселеде бір-бірімен ақпарат бөлісу.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ