Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Отандық машина жасау кешені жылына 200 мың көлік шығаруды көздеп отыр

AstanaTV
09.10.2014ж. 20:00
1750
Отандық машина жасау кешені жылына 200 мың көлік шығаруды көздеп отыр

Отандық машина жасау кешені алдағы 5 жылдықта жылына 200 мың көлік шығарып, 50 пайыздық экспорт межесін бағындыруды көздеп отыр. Елімізде жыл сайын 180 мың көлік конвейерден шығатын көрінеді. Қазақстан машина жасаушылар форумында алға қойылған тағы бір мақсат - машина жасау кешенін құрастырушыдан бөлшек шығарушыға, яғни көліктің басынан-аяқ өз елімізде жасалуына қол жеткізу. Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау машина жасау кәсібі елімізде Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанының айқын көрінісі деді.

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

18 жылға дейін экспорттық модельдер бойынша 50 пайыздық көрсеткішке жету мақсаты тұр. Өндіріс қуаттылығының артуына байланысты, құрамдас бөлшек шығару мәселесін де қарастыру керек. Біз ол үшін бүгін Ресей кәсіпорындарын форумға шақырдық. Шет елдік машина шығарушылар Кедендік одақ кеңістігіндегі нарыққа қызығушылық танытып отыр.

Биылғы форумға  шет елдік инвесторлар мен машина жасаушылар арнайы қатысты. Жағымды жаңалықтардың бірі - жақын арада Қостанай қаласында Қытайлық Geely автомобильдерінің құрастырылуы қолға алынады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ