Атырау-Астрахань
тас жолы 4 адамның өмірін жалмады. Оқиға Исатай ауданына қарасты Жанбай елді мекені
маңында болған. Екі шетелдік жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан
«Фольксвагеннің» 52 жастағы жүргізушісі мен 73 және 14 жастағы жолаушылары көз
жұмды. Екінші көлікте болған 67 жастағы жолаушы әйел де қайтыс болған.
Ал жүргізуші мен өзге екі жолаушы дене
жарақаттарымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. «Қазір
апаттың себеп-салдарын анықтау үшін,
арнайы сараптама тағайындалды»,- дейді Исатай
аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Асланбек Арпенов. Істі
тергеумен Исатай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері айналысуда.
Базаркүл ІЗІМОВА