Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қиев ТМД-нан шықпайтынын мәлімдеді

AstanaTV
10.10.2014ж. 13:00
1285
Қиев ТМД-нан шықпайтынын мәлімдеді

Киев ТМД құрамында қалады. Достастық мемлекеттері парламентаралық ассамблеясы тұрақты делегациясының басшысы, Жоғарғы Рада депутаты Сергей Гриневецкий «бұл сұрақ тіпті талқыға салынбайды», деп мәлімдеді.

Айтуынша, Украина ТМД құрамынан тек экономикалық тұрғыда шығады. Бұл ақпаратты Украинаның Сыртқы істер министрлігі растап отыр. Олар «Іс жүзінде Украина ТМД құрамында қалады», дейді.

Еске салайық, Киев 19 наурызда ТМД құрамынан шығатынын, Ресеймен визалық режим орнататынын және ТМД-ға төрағалық етуді тоқтататынын мәлімдеген болатын. Украиналық лидерлер, Мәскеумен байланысты үзу Украинаға кем дегенде 100 миллиард долларға шығатынын есептеген сыңайлы. Мұндай сандарды «Взгляд» газеті жариялады.

Оған қоса, мемлекеттің алдағы қысқа дайындығы нашар. Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Юрий Продан хабарлағандай, Донбасстағы күрестің кесірінен Украинаға көмір жетіспеуде. Енді, Киев жанармайды Ресейден сатып алмақ.

Сарапшылардың пікірінше, Донбасстағы өндірістің тоқтауы Украинаны энергетикалық апатқа алып келуі мүмкін.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ