Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Павлодарда жаттығу кезінде қаза тапқан спортшының өліміне қатысты полицейлер қылмыстық іс қозғамайды

AstanaTV
10.10.2014ж. 13:00
754
Павлодарда жаттығу кезінде қаза тапқан спортшының өліміне қатысты полицейлер қылмыстық іс қозғамайды

Павлодарда жаттығу кезінде қаза тапқан спортшының өліміне қатысты полицейлер қылмыстық іс қозғамайды. Бұл жайында құзырлы орын ақпарат құралдарына мәлімдеді. Жүргізілген сот-медициналық сараптама 15 жасар Әділ Жолдасбековтің денсаулығында ақау болғанын, оның жүрек ауруымен сырқаттанғанын анықтаған.

Алма Мұсабекова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі бөлімінің бас маманы:

Сот-медициналық сараптаманың нәжижелері бойынша, жасөспірімнің өлімі ауруына байланысты болды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама нәтижелері негізінде полиция қызметкерлерімен қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 29 шілдеде орын алды. Күнделікті жаттығуға келген 15 жастағы бала футбол алаңына шыққанда аяқ астынан есінен танып құлайды. Бірден спорттық дәрігері көмекке келіп, алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді. Бірақ, жеткіншектің қан қысымы төмендеп, жүрегі тоқтап қалады.

Әділ Жолдасбеков футболмен 2011 жылдан айналысқан. Жаттықтырушылар осы уақыт аралығында оның жақсы нәтиже көрсеткенін алға тартты. Денсаулығында да еш ақау болмапты. Соңғы рет кешенді медициналық тексеруден ақпан айында өткен көрінеді. Сап-сау балаға сол кезде спортпен шұғылдануға рұқсат берілген.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ

Алдыңғы жаңалық