$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Эбола Оңтүстік Америкаға жетті

AstanaTV
10.10.2014ж. 20:00
1019
Эбола Оңтүстік Америкаға жетті

Эбола дендеп барады. Індет бүгінде үш құрлыққа жайылды. Африкадан Еуропаға, Еуропадан Солтүстік Америкаға жетті. Ресей де Эболадан қашып құтылмайтын сыңайлы. Мамандардың болжауынша, безгек бұл елге осы айдың соңында жетуі ықтимал. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қауіпті вирусты 7492 адам жұқтырып, 3439 науқас қайтыс болған. Өкініштісі, Эболаға қарсы вакцина әлі дайын емес. 

Әлем жұртшылығы үрей құшағында. Құрама Штат тұрғындарынан тіпті маза қашты. Билік жұртты сабыр сақтауға шақырып әлек. Әуежайларда қосымша тексеру  пункттері  ашылған. Әсіресе  Либерия, Гвинея, Сьерра-Лионнан келушілер қатаң бақылауға алынды.

Вирусты жұқтырып алғым келмейді. Қорқамын. Көп жерде тексеру жұмыстары жүріп жатқаны өте дұрыс.

Алаңдаймын, әрине,
қаншама адам жұқтырып отыр. Денсаулығымызды қатерге тіккіміз келмейді.

Құрама Штаттардың президенті Барак Обама шұғыл жиын өткізіп, америкалықтарды алаңдамауға үндегенімен, халық сенімсіздік танытуда.

Дэвид Хейманн, тропикалық медицина және  жұқпалы аурулар мектебінің профессоры: 

Қауіпсіздік ережелерін Канада билігі де енгізді. Жағдай кәрі құрлықта да мәз емес. Испандық медбике Тереза Ромеро вирус жұқтырған миссионерге күтім жасаймын деп, өзі де індет жұқтырды. Жалпы Еуропада Эбола безгегін жұқтырудың 5 жағдайы тіркелген. Оңтүстік Америкада да инфекция жұқтырған науқас табылды. 47 жастағы ер адам Бразилияға Гвинеядан қыркүйек айында келген. Енді АҚШ Эболаға қарсы тұру үшін,  Либерияға қосымша күш жібермек.

Дэррил  Уильямс, генерал-майор, АҚШ:

Либерияға 10 дивизияның бірі жөнелтілетін болады. Жоспар бойынша ол үкіметке барынша көмек көрсетеді деп күтілуде. 

Айта өтейік, Либерияда  алдағы күндері жалпыұлттық сенат сайлауы өтуі керек-тін. Алайда  Эболаның өршуіне байланысты ол кейінге қалдырылды. Қазақстандық 20 офицер де Либерияға бара алмайтын болды деп мәлімдеді еліміздің қорғаныс министрлігі. Айта өтейік, бұл офицерлер БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысу үшін бақылаушы ретінде Гаити, Кот-д'Ивуар және Либерияға аттануы тиіс еді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА