$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Халық жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың алдағы дүйсенбіде 90 жылдығы

AstanaTV
10.10.2014ж. 20:00
2834
Халық жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың алдағы дүйсенбіде 90 жылдығы

Комсомол комитеті берген мақтау қағазынан өзге ешқандай ресми марапаты жоқ, бірақ шын мәнінде халық жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың алдағы дүйсенбіде 90 жылдығы. Оның «Менің атым Қожасын» көпшілік біледі. Шын мәнінде өлмейтін шығармалары бұл бір емес. «Бастан кешкен» мен «Өлгендер қайтып келмейді»  - 20 ғасырдың алғашқы  жартысындағы қазақ даласында болған аштық пен ауыр тұрмысты сипаттаған бірегей  дүниелер. Совет системасына сыймаса да, өмірінің соңғы жылдары ешнәрсе жазбауының мүмкін еместігі, ақыр соңында жұмбақ өліммен кеткені, рухани әлемдегі сансыз сұрақ болып қалды.

Кәдірбек Құныпияұлы, ақын:

Баққожа Мұқаев ағамыз Бекеңнің совет үкіметіне, совет одағына қарсы бір әңгімелерін айтқанында, тыңдап тұрған біздің арқамыз шымырлап кететін еді деді.

Бәшен Баймұратова, бәйбішесі:

Бердібек айтатын, бұл совет өкіметі құрымай, қазақ тілі орнына түспейді деп. Мен айтам, саған не көрінген деп, сен партиядасың, қорқасың ғой, менің қорқатын ешнәрсем жоқ, дейтін. 

Бердібек Соқпақбаевтың бәйбішесі  Бәшен апа  арнамызға арнайы сұхбат беріп, көп әңгіменің тиегін ағытты. Ертең, 20.30 «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан «Қарағайға біткен қарсы бұтақ» материалын көріңіздер.