Бүгін
бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы иегерлерінің есімі жарияланды. Мәртебелі
марапатқа пәкістандық құқық қорғаушы Малала Юсуфзай мен үндістандық балалар
құқығын қорғаушы Кайлаш Сатьярти лайық
деп танылған.
16 жастағы Малала Юсуфзай Пәкістанда қыздардың білім алу
мәселесін көтерген. 2012 жылы «Талибан»
қозғалысының мектептерді қиратуына қарсы шығып, оққа ұшқан қыз өлім аузынан
аман қалған. Ал 60 жастағы Кайлаш Сатьярти -
балалар еңбегін қанауға қарсы бүкіләлемдік қозғалысты бастаған азамат. 1980 жылы
Үндістанда осы ұйымның негізін қалаған.
Айта кетейік, Нобель
сыйлығын алуға үміткерлер қатарында Эдвард Сноуден, Рим Папасы Франциск те
болған. Сноуден былтыр АҚШ арнайы қызметінің заңсыз аңду жүргізетін
бағдарламасы барын әшкереледі. Ал Рим Папасы үй-күйсіз жүргендердің жағдайын
ойлап, байлықты қайта бөлуге шақырған еді.
Сыйлық иегеріне 1 миллион 100 мың
АҚШ доллары көлемінде жүлде беріледі. Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығын жеңіп
алуға 278 үміткер құжат тапсырған.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ