$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Греция Халықаралық Валюта қорының несиелеу бағдарламасынан біржола шықпақ

AstanaTV
13.10.2014ж. 10:00
1047
Греция Халықаралық Валюта қорының несиелеу бағдарламасынан біржола шықпақ

Греция Халықаралық Валюта қорының несиелеу бағдарламасынан біржола шықпақ. Қазір келіссөздер жүргізілуде, деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі.

Еске салсақ, Греция 2009 жылы Еуропалық одақ пен Халықаралық Валюта қорынан мемлекет қарыздарын өтеу үшін қаржылай қолдау сұраған еді. Нәтижесінде, мемлекетке 240 млрд доллар көлемінде қаражат бөлінді. 


Айта өтейік, осы уақыт аралығында Греция қаржылық ахуалын айтарлықтай жақсартты. Дегенмен, мемлекет шығындарының үнемделуі елдегі ішкі жалпы өнімінің өсіміне тежеу болды. 2008 жылдан бері мұндағы ішкі жалпы өнім төрттен бірге қысқарды. Салдарынан Греция экономикалық тұрақтылығын әлі қалпына келтірген жоқ.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА