Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада дзюдодан өткен Гран-приде Қазақстан құрамасы 6 медаль еншіледі

AstanaTV
13.10.2014ж. 10:00
1047
Астанада дзюдодан өткен Гран-приде Қазақстан құрамасы 6 медаль еншіледі

Астанада дзюдодан өткен Гран-приде Қазақстан құрамасы 6 медаль еншіледі. 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков алтын медаль иеленді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлайды.

Ақтық сында жерлесіміз германиялық балуан Дмитрий Петерспен белдесті. Қарсыласынан басым түскен Максим байрақты бәсекенің жеңімпазы атанды. Раковтың бұл жүлдесі Қазақстан үшін өз елімізде өткізген Гран-придің алтыншы жүлдесі болып отыр. Бұған дейін Елдос Сметов алтыннан алқа тақса, Жансай Смағұлов күміс медальді еншілеген.

Сондай-ақ, Асхат Телманов, Әзиз Қалқаманұлы және Зарина Абрасуловалар «қоламен» марапатталған.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА