$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Астана тұрғыны перзентханада ауыстырып алған баласымен арада 20 жыл өтіп қауышыпты

AstanaTV
13.10.2014ж. 20:00
1279
Астана тұрғыны перзентханада ауыстырып алған баласымен арада 20 жыл өтіп қауышыпты

Астана қаласының тұрғыны Жанат Ахметова перзентханада ауыстырып алған баласымен арада 20 жыл өтіп қауышыпты.  Қостанай облысы, Жангелді ауданы ақ халаттыларының қателігінен ана 20 жыл бойы туа бітті сал ауруына шалдыққан бөтен баланы бағып-қаққан. Акушерлер әкелген баланың туған емес екендігін Жанат сезгенімен, перзентхана қызметкерлері «сәби сенікі» деуден тайынбапты. Бауыр еті баласын іздеуін тоқтатпаған ана ақыры шындыққа қол жеткізді. Өзге ұлт босағасында жүрген бойжеткеннің Жанат Ахметованың қызы екендігін арнайы сараптама растап отыр.

Осы меңді көрдім. Бұл бала уызын ішіп кетті. Сол күні түнде еміздім. Келесі күні маған Гүлнафизді алып келді. Екінші қызды. Гүлнафиз, кімдер жақсы көріп «анашым» деп жатады, мен олай істей алмаймын. Сөйтсем енді түсіндім, мейірім көрмегенсін, мен де мейірім шаша алмай жүр екем.

Сериал сюжетіне тартар өмірде болған шытырманды бүгін «Астана» арнасының «Кеш емес» бағдарламасынан көріңіздер. Қос қыздың ендігі тағдыры, сәбиді туған анасынан адастырған дәрігердің айтары, бүгін 22:00-де.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ