Астананың инвестиция, құрылыс, қызмет көрсету және
сауда сияқты салалары қарқын ала дамып келеді. Бүгін Ақ ордада Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың қабылдауында болған қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов осыны
баяндады. «Ол
Мемлекет
басшысын елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ инвестициялық
жобалар мен негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысы туралы
хабардар етті»,
- деп Ақ орданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Астананың өз-өзін
қамтамасыз ету деңгейі өсіп келе жатқанына және оған жұмсалған қаражаттың
айтарлықтай тиімділігі байқалатынына назар аударды. Қала әкімі республикалық
бюджеттен трансферттелетін қаржы көлемі шаһардың өз кірісінің молаюы есебінен
азайып келе жатқанын да атап өтті.
Ләйлә
ҚАЗИЯҚПАРОВА