$445.68 €478.35 ₽5.57
×

Венесуэла шұғыл түрде ОПЕК жиынын өткізуді өтінді

AstanaTV
13.10.2014ж. 20:00
1091
Венесуэла шұғыл түрде ОПЕК жиынын өткізуді өтінді

Ал Венесуэла әлемдік мұнай нарығындағы жағдайды шұғыл түрде талқылау қажет деп дабыл қақты. Сөйтіп ірі мұнай экспорттаушы елдердің сессиясын дереу шақыруды талап етіп отыр. Бұл туралы «The Wall Street Journal» хабарлайды. ОПЕК-тің кезекті жиыны қарашаның 27-сіне белгіленген. Алайда Венесуэла кездесуді шұғыл өткізу керектігін айтуда.

Дегенмен Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері шұғыл жиын өткізудің қажеттілігін көріп отырған жоқ деп жазады басылым. Бұған дейін Сауд Арабиясы Азиядағы ірі иморттаушыларына өз мұнайының бағасын төмендеткен еді. Бұл әдісті Тегеран да қолданып, қара алтынның құнын түсірді. Және Иран билігі ОПЕК-тің әлемдік мұнай нарығын реттейтін бірыңғай саясатының жоқтығы, қара алтын құнын одан әрі төмендеуіне әкеліп соғатынын ескертті. Айта кетерлігі, үстіміздегі жылы мұнай бағасы 20 пайызға құлдырап кетті.

Айгүл ӘДЕПБАЙ