$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Шығыс Қазақстан облысында ерте темір дәуіріне жататын 15 қорым анықталды

AstanaTV
13.10.2014ж. 20:00
2619
Шығыс Қазақстан облысында ерте темір дәуіріне жататын 15 қорым анықталды

Тарихымыз тағы бір жаңалықпен толысты. Шығыс Қазақстан облысы, Ақтоғай елді мекенінен ерте темір дәуіріне жататын 15 бірдей қорым анықталды. Көне жерлеу мәдениеті сақталған қорымдар қойма құрылысы кезінде табылды. Экскаватор арқылы жер бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде техника қопарғышы абайсызда тас мүрденің біреуіне тиіп кеткен. Құрылыс жұмыстары бірден тоқтатылып, археология институтының ғалымдарына хабар беріліпті.

Нәтижесінде, сақ тайпаларының салтымен жерленген 15 көшпендінің мүрдесі табылды. Ал таспен қаланған қорым ішінен керамикалық бұйымдар мен темірден жасалған жебе ұштары да шықты. Тарихшы-ғалымдардың айтуынша, темір дәуірі тұсында қойылған қорғандар қанша уақыт өтсе де, бұзылмаған. Ал лауазымды адамдар мен жауынгерлердің мәйітін жер астындағы тас лашықтарға қойып, бетіне кәідімгі топырақ тастаған. Сондықтан мүрдедегі мұралар мен адам сүйектерін табу осы уақытқа дейін мүмкін болмапты.

Ерлан Ғазизов,  ҚР археология институтының ғылыми қызметкері:

Мінекей, бұл дегеніміз - сонау замандағы өлілер рухын бүгінгі тірілер әлемінен бөлектедік деген сөз. Адам деген дәм-тұзы таусылып, қаза болады. Яғни о дүниелік болғандарды тірілерден бөлектеу үшін, ол кезде де осындай қоршау-қорымдар пайдаланғанын көреміз. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ