$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Әлеуметтік нысандардың жартысынан астамы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ыңғайсыз

AstanaTV
14.10.2014ж. 13:00
1687
Әлеуметтік нысандардың жартысынан астамы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ыңғайсыз

Елімізде тексерістен өткен нысандардың жартысынан көбісінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағдай жасалмаған. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова айтты.

Комитет отырысында жарымжан адамдарды қоғамға бейімдеу жайы сөз болды. Вице-министр, 2012 жылдан бері нысандардың мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаншалықты бейімделгенін бағалау жұмыстары басталғанын айтты. Ол бойынша, қолжетімділік паспортын құру үшін 55 мыңнан астам әлеуметтік инфрақұрылымды тексеріп шығу жоспарланған. 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 24 мыңға жуық нысан паспортталған. Тексерілген нысандардың 78,7 пайызы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ыңғайсыз болып шыққан. Яғни, қайта ыңғайлауды қажет етеді. Сондай-ақ, Светлана Жақыпова, 55 мың нысанның 5 жарым мыңы ғана мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді екенін атап өтті.

Светлана Жақыпова, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі:

Кедергісіз орта қалыптастыру жоспары бойынша, 2014 жылы Қазақстанда 2135 нысанды мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап бейімдеу көзделген. Оның ішінде 697 нысанды қайта бейімдеу «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен, ал 1438 нысан жергілікті бюджет қаражаты есебінен атқарылатын болады.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ