$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Ақтөбеліктер Тәуелсіздік мерекесіне қанша күн қалғанын бақылап отыратын болды

AstanaTV
13.01.2016ж. 20:00
1552
Ақтөбеліктер Тәуелсіздік мерекесіне қанша күн қалғанын бақылап отыратын болды

Ақтөбеліктер ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне қанша күн қалғанын бақылап отыратын болды. Шаһардың орталық көшелеріне уақыт есебін көрсететін 5 алып экран орнатылған. Кез-келген уақытта жарық диодты экрандардан еліміздегі ең маңызды тарихи күнге қанша уақыт қалғанын көруге болады. Есеп онлайн режимінде жүргізіледі.

Айта кетейік, бұл бастама  «Үлкен ел - үлкен отбасы» атты республикалық жалпыұлттық жоба аясында қолға алынған.

Мансұр ЕСҚОЖИН