Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеде таксист әйелді ұрып-соққан оқушылар 7 және 8 жылға сотталды

AstanaTV
14.10.2014ж. 13:00
935
Ақтөбеде таксист әйелді ұрып-соққан оқушылар 7 және 8 жылға сотталды

Ақтөбеде мектеп оқушылары сотталды. Облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының деректері бойынша, олар 31 жастағы такси жүргізуші әйелді қатты соққыға жыққан.

Жан түршігерлік оқиға биыл сәуір айында Хромтау қаласында болған. 16 және 17 жастағы жасөсіпірімдер такси тоқтатқан. Тергеу кезінде анықталғаны - айыпталушылар такси жүргізушісін есінен танығанша балғамен ұрған, гитараның шегімен буындырған. Жәбірленуші, тірі қалғаныма таңмын, дейді. Мектеп оқушылары автокөлікті тартып алу мақсатында осындай қадамға барғандарын айтқан.

Сот балаларды 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырды. Айыптылардың қорғаушысы, сот шешімін тым қатал, дейді. Жеткіншектер бұл қадамға компьютерлік ойындар мен батыстың қанішерлерді сомдаған фильмдерінің әсері болғанын мойындайды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Айыпталушы тарап енді апеляциялық шағым түсіретіндерін айтты.

Жұмабай Арыстанов, адвокат:

Себебі менің қорғанымдағы Артемов бұл кәмелетке толмаған. Жасы 16-ға толған. Жасаған әрекетін шын жүректен өкініп, мойындаған болатын. Жәбірленуші алдында кешірім сұрап, бұрын соңды сотталмаған. Жақсы жағынан оқу орнынан мінезделген. Мұның бәрін ескермей, Артемовқа өте қатаң жаза тағайындалды. Бұл онымен келіспейміз. Міндетті түрде облыстық сотқа аппеляциялық шағым жолдайтын боламыз.

Мансұр ЕСҚОЖИН