$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Эбола безгегі Бельгия мен Польшаға жетті

AstanaTV
14.10.2014ж. 13:00
950
Эбола безгегі Бельгия мен Польшаға жетті

Лондонның Хитроу әуежайы Эболаға қарсы іс-қимылды күшейтпек. «Рейтерс» агенттігі Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Джереми Хантаға сілтеме жасай отырып, енді ел әуежайға келіп қонған барлық жолаушыларды мұқият тексереді деп жазады.

Министрдің сөзінше, безгек асқынып тұрған Африкадан келген жолаушылар - басты назарда. Олардың бірден дене қызуы өлшеніп, арнайы сауалнама толтырылып байланыс мағлұматтары алынады. Тексерістер сондай-ақ Гетвик әуежайы мен Eurostar пойыздары аттанатын Сент-Панкрас вокзалында жүргізіледі. Бұған дейін дәл осындай сақтық шараларын Америка билігі қолданды.

Ал жақында Еуропада Эбола күдігімен тағы екі адам ауруханаға жатқызылды. Бұл жолы дерт Польша мен Бельгиядан анықталып отыр. Қос науқас шет елдік сапар барысында Батыс Африка тұрғындарымен қарым-қатынаста болған көрінеді. Соңғы деректер бойынша, Эбола безгегінен 4 мыңнан астам адам ажал құшты.

Джереми Хант, Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі:

Ұлыбритания Эбола ахуалының жақын арада ушығуына дайын болуы керек. Егер де азаматтарымыздан безгек белгілері байқалса, және ол жақында Батыс Африка елдерінде сапарда болса, диспетчерлер оған бірден арнайы киінген жедел жәрдем мамандарын жібереді. Әр қоңырау шалушыдан вирус белгілерінің байқалуы жайында сұралады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ