$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Кувейттің мұнай министрі мұнай бағасының 76 долларға дейін төмендеуін болжайды

AstanaTV
14.10.2014ж. 13:00
1243
Кувейттің мұнай министрі мұнай бағасының 76 долларға дейін төмендеуін болжайды

Мұнай бағасы барреліне 76 долларға дейін құлдырауы мүмкін. Мұндай болжамды Кувейттің мұнай министрі Әли әл-Омаир жасады.

Айтуынша, ОПЕК елдерінің котировканы ұстап тұру үшін қара алтын өндіру көлемін қысқартатын ойы жоқ. Мұнай бағасы соңғы азғана уақытта 20% пайызға дейін құлдырады. Әл-Омаир, сондай ақ мұнай өндірісінің қысқаруы бағаның көтерілуіне ықпал етпейді деген пікірде. Сауд Арабиясы 1 қазаннан бастап Азия елдерімен жасалған келісімдегі бағаны 1,2 долларға төмендетті. Осылайша, мұнай баррелі 90,02 доллар болды.Осы баға қараша айында да сақталуы мүмкін.

Айта кетейік, 27 қарашада Венада альянсқа мүше мемлекеттер министрлерінің кездесуі өтеді. Онда мұнай котировкасын барреліне 100 доллар күйінде ұстап тұру үшін «өндіріс көлемін қысқарту қажет пе» деген мәселе қаралуы ықтимал.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА