$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Павлодарда сүрілетін саяжай иелері жер телімі мен саяжай учаскесі үшін өтемақы алуда

AstanaTV
14.10.2014ж. 10:00
1786
Павлодарда сүрілетін саяжай иелері жер телімі мен саяжай учаскесі үшін өтемақы алуда

Сүрілетін саяжай иелері жер телімі мен саяжай учаскесі үшін өтемақы алуда. Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда 20-дан астам бағбанның есепшотына тиісті қаражат аударылған. Қазірде 230 тұрғыннан өтініш түсіп, келісім-шарт әзірленуде.

Айта кету керек, ұсынылып отырған төлемақы көлемі 500 мың теңгеден екі жарым млн теңгенің аралығында болып отыр. Жалпы бағалау жұмыстарын тәуелсіз сарапшылар жүргізді. Бұл жерде мамандар жер телімдерінің құнымен қатар, мұндағы өсімдіктер мен аумақта тұрған баспананың да бағасын ескергендерін айтады. Әкімдіктегілер ауқымды шараның жуық арада аяқталарына сенімді.

Азамат Бәйтенов, Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

25-і осы үш күн бұрын өздерінің ең бірінші ақыларын уже алды бағаланған учаскелер бойынша. Былай мөлшерде айтқанда, 20 млн теңге осы 25 учаске бойынша.

Осы үйге біз 14-15 мың арасында доллар кетті. Енді акиматтың қазір бізге ұсынып жатқаны 1 млн 500 мың теңге. Жеті мың доллар, оған қазір дәнеңе ала алмаймыз.

Қасым Нығманов осыдан төрт жыл бұрын «Строитель» саяжай кешенінен жер сатып алған. Сол кезде 6 сотық үшін қалтасынан 3 мың АҚШ долларын шығарғанын айтады. Сондағы жоспары - жалғыз ұлына үй салып беру-тін. Сөйтіп, үш жылдың ішінде қараусыз жатқан жерге өз күшімен екі бөлмелі баспананы тұрғызыпты. Бірақ, биыл «қоныс тойын тойлау арманы» құрдымға кетті.

Жергілікті биліктің шешімімен мұнда «Достық» деп айдар тағылған жаңа шағын аудан бой көтермек. Сондықтан, 500-ден астам саяжай учаскесі түгелдей сүрілуі тиіс. Сөйтіп, бұл аумақта үш айға жуық эксперттер жұмыс жүргізген. Алайда, тұрғындар бағалаудың өзі қажет деңгейде жасалмады деген пікірде.

Қасым Нығманов:

Приходила девушка, оценщик, пофотографировала комнатки и все. Больше ничего.
- Далада өсіп тұрған өсімдіктерді санады ма?
- Ничего, тоже фотография бір-екі, ничего не оценивали.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ