$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Орталық сайлау комиссиясы Сенатқа жаңа тағайындалған депутаттарды тіркеді

AstanaTV
15.10.2014ж. 13:00
998
Орталық сайлау комиссиясы Сенатқа жаңа тағайындалған депутаттарды тіркеді

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы үстіміздегі жылдың 1 қазанында сайланған Сенат депутаттарын ресми тіркеуден өткізді. Ведомство төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов сенаторларға куәліктер мен төс белгілерді табыстады.

Жаңа сайланған сенаторлар атынан сөйлеген Сәрсенбай Еңсегенов «Сенат депутаттарының басты міндеті - Қазақстанның әрбір азаматының әлеуметтік жағдайын жақсарту, қазақ елінің егемендігін сақтау, мемлекетіміздің тұтастығын қамтамасыз ету», - деді.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Парламент депутаты болу - үлкен абырой. Бұл әрбір депутаттың алдына үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі, Конституция бойынша халықтың және мемлекеттің атынан билік ету құқығы Елбасы Президентке және конституциялық өкілеттігі шегінде тек қана Парламентке берілген. Сондықтан, бұл жауапкершілікті мен терең сезінемін, әрі түсінемін.

Жұрағат БАМАН