$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» акционерлік қоғамының жетекшісін қабылдады

AstanaTV
14.10.2014ж. 20:00
1196
Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» акционерлік қоғамының жетекшісін қабылдады

«Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ашық акционерлік қоғамының жетекшісі Вагит Алекперовті қабылдады», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Каспий қайраңындағы жаңа жобалар туралы сөз қозғалды. Және ресейлік компанияның Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы мен түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.

Вагит Алекперов, «Лукойл» ААҚ жетекшісі:

Біз Каспий қайраңындағы жаңа жобалар жайлы баяндадық. Президент бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. «Қазмұнайгаз», профильді министрліктер және ведомстволармен тез арада осы тапсырламаларды орындауға тырысамыз. Қосымша инвестиция тартатындай тың жобаларды жақын уақытта Президентке таныстырамыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА