Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Арселор Миттал Теміртау» жаңа ұжымдық шарт қабылдады

AstanaTV
14.10.2014ж. 20:00
1063
«Арселор Миттал Теміртау» жаңа ұжымдық шарт қабылдады

Теміртауда әйелдерге қосымша демалыс күн пайда болды. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы 1 қыркүйекті жұмыскер қыз-келіншектер бала тәрбиесіне арнағандары жөн деген шешімге келіпті. Компания ақысы төленетін бұл демалысты «Қорғау», «Жақтау» және «Бірлік» кәсіподақ ұйымдарымен арадағы жаңа еңбек келісімшартына сай енгізіп отыр.

30 мың адамнан астам мүшесі бар ұжымға арналған құжатты қабылдау оңай болмапты. Бұл жоба 1 жарым жыл мұқият талқыланып, ақырында жұмысшылар біраз жеңілдікке қол жеткізген. Айта кетелік, жаңа ұжымдық еңбек келісімшарты жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын барынша қамтамасыз еткен жоба ретінде республикалық «Парыз» байқауына ұсынылып отыр.

Дмитрий Павлов, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ директор қызметкерлермен жұмыс директоры:

Біз әйел азаматтарға, білім алушыларға және ең бастысы кезекшілерге де ақы төлейтін болдық. Мұндай жеңілдіктер бұрын-соңды болмаған.

Еркін ҚАРИН