$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Үкімет отырысында Ұлттық қордан ШОБ қолдауға бөлінген 100 млрд теңгені игеру мәселелері талқыланды

AstanaTV
15.10.2014ж. 10:00
907
Үкімет отырысында Ұлттық қордан ШОБ қолдауға бөлінген 100 млрд теңгені игеру мәселелері талқыланды

Үкімет еліміздегі шағын және орта бизнесті қолдау үшін Ұлттық қордан бөлінген 100 млрд теңгені игеру жайын талқылады. Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен жиында қаржы-экономикалық блок мәселелерінің кең ауқымы қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Министрлер кабинеті мүшелері мүлікті заңдастыруға, квазимемлекеттік сектор нысандарын жекешелендірудің екінші толқынына бөлінген қаражатының игерілуін сөз етті. «Агробизнес-2020» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларының жүзеге асу барысындағы мәселелер де талқыға салынды. Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі осы жылдың 9 айындағы «Ақбұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылу қорытындылары туралы баяндады.

Ерболат Досаев хабарлағандай, «Ақбұлақ» бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға 2014 жылы 112,8 млрд теңге қарастырылған. «Үкімет отырысында 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспары да бекітілді», - делінген хабарламада.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ