Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қытайда ереуілшілер көшелерге қайта шықты

AstanaTV
15.10.2014ж. 10:00
973
Қытайда ереуілшілер көшелерге қайта шықты

Гонконгта полицейлер мен наразы топ арасында тағы қақтығыс болып, салдарынан 45 адам ұсталды. Тәртіпсіздік, полицейлер Үкімет ғимаратының маңындағы Lung Wo көшесінде шеруге шыққандарды таратпақ болған кезде басталған. Тәртіп сақшылары жасаурататын газ қолдануға мәжбүр болды. Оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Жақын жердегі саябақтағы қақтығыстардан соң, наразы топтың біразы босатылды.

Еске салайық, 26 қыркүйекте «жергілікті басшылықты өзіміз сайлаймыз» деген ұранмен Гонконг көшелеріне 80 мыңға жуық адам шеруге шықты. Бейжің бұл ұсыныспен келісіп, 2017 жылдан бастап Гонконгқа мұндай мүмкіндікті беруге уәде етті.

Алайда, арал тұрғындары дауыс бере алатын барлық үміткерлерді Қытай сайлаушылары мақұлдауы керек деген шарт қойды. Гонконгтағылар мұнымен келіспей, дауыс беруді толық демократияландыруды талап етуде. Оған қоса наразы топ, Үкімет басшысы Лян Чжэньиннің қызметтен кетуін талап еткен болатын.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ