$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Елордалық «Барыс» командасы Хабаровск қаласының «Амур» клубын 5-0 есебімен жеңді

AstanaTV
15.10.2014ж. 20:00
1585
Елордалық «Барыс» командасы Хабаровск қаласының «Амур» клубын 5-0 есебімен жеңді

Елордалық «Барыс» командасы ірі есеппен жеңіске жетті. Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Хабаровск қаласының «Амур» клубын қабылдаған Андрей Назаровтың шәкірттері 5-0 есебімен үздік шықты. Кездесу басынан қонақтар қақпасына лап берген айдын иелері 2-0 есебімен алға шықты. Алдымен, Дантин Бойд мергендігімен танылса, артынан Найджел Доустың қанжығасы майланды.

Үзілістен кейінде жасындай жарқыраған Доус ұрымтал сәттің бірінде дубльдің авторы атанды.

Үш шайбамен шектеліп қалмаған «Барыс» хоккейшілері қалған уақытта «Амур» клубының қақпасына тағы екі шайба соқты. Бұл сәттерде Роман Старченко мен Дмитрий Уппер жанкүйерлер қошеметіне бөленді.

Роман Старченко, «Барыс» клубының шабуылшысы:

Команда сапында жарақат алғандар аз емес. Сондықтан бестіктерде өзгеріс болып жатыр. Сондай-ақ бапкер жастарды жарысқа қосып, ысылып алуға мүмкіндік беруде.

Келесі кездесуін «Барыс» командасы енді сырт алаңда Финляндияның «Йокерит» клубына қарсы өткізеді.

Самат ҚАНАҒАТОВ